13 шілде 2023 | 11:39

"Жол жиектерін ауыстыруды қашан қояды?" Досаев қала тұрғындарының шағымына жауап берді

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада жол жиектері неліктен жыл сайын ауыстырылатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада жол жиектері неліктен жыл сайын ауыстырылатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл мәселе Ерболат Досаевтың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

"Олар жол жиектерін ауыстыруды қашан қояды? Қалада жыл сайын жол жиектері мен асфальт ауыстырылады, оларға қалыпты тәрізді. Орбитада ғана емес, көп аулалар мен көшелерде асфальт мүлде жоқ. Бұған не айтасыз?" - деп сұрады жергілікті тұрғын.

Досаевтың айтуынша, жол жиектерін алып оларды түзетіп, ретке келтіріп, содан кейін қайта қояды.

"Алматы жолдарында жол жиектерінің екі түрі ғана бар. Бұл цемент-құмды престеп, кейін орнатады. Қыста жолдарды химикаттармен өңдейтінімізді, сондай-ақ тазалау жұмыстарын жүргізетінімізді ескерсек, олардың қызмет ету мерзімі 5 жылдан аспайды. Екінші түрі 10 жылдан 15 жылға дейін қызмет ететін гранит. Әл-Фараби даңғылының бойында бордюрлердің 20-25 пайызына дейін ауыстырамыз деп жоспарлағанбыз, бірақ үш пайызын ғана ауыстырдық", - деді Алматы әкімі.

Досаевтың айтуынша, жол жиектері қауіпсіздіктің қажетті элементтерінің бірі және сапасы жақсы болуы керек.

"Қала тұрғындарына алғыс айтамын, мен жол жиектері мәселесін өз бақылауымда ұстаймын. Өткен аптада мен орташа жол жөндеу жұмыстарымен айналысатын барлық компанияларды жинадым. Біз барлық қордаланған мәселелерді талқыладық және мен оларға тағы да ескерттім. Біз олардың қалай жұмыс істейтінін қадағалап жатырмыз. Осылайша, жол жиектерінің 3-5 пайызынан аспайтыны ауыстырылады, қалғандары түзетіліп, орнына қойылады", - деді Досаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ерболат Досаев қала тұрғындарынан жөндеуге жабылған жолдар үшін кешірім сұрап, мопедшілер мәселесі туралы да айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети