Жол полицейі жүргізушінің телефонын тартып алды

02 Қараша 2016, 13:20
1
Жол полицейі жүргізушінің телефонын тартып алды - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Желіде қызылордалық делінген полицейлердің жол үстіндегі әрекетінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды "Жас қазақ".

Онда камераға түсіріп тұрған адамның айтуынша, жол полициясы көлік жүргізушісінің ұялы телефонын тартып алған. Орта жастағы ер адам полицейдің ізінен жүгіріп, телефонын қайтаруды сұрайды.

Алайда патрулдік полиция өкілдері айтқанынан қайтпай, телефонды бермей қойған. Камераға түсіруші және телефонын қайтаруды талап етуші екі адам қайта-қайта 102 нөміріне қоңырау шалу керектігін бір-біріне айтып жатады. Youtube порталына видеоны Талғат Тукенов есімді қолданушы жүктеген.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай