14 маусым 2021 14:50

Жолдың қақ ортасында самокат теуіп жүргендер алматылықтарды ашуландырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жол ортасында самокатпен жүрген бір топ адам тұрғындарды ашуландырды. Оларды қалалық полицейлер іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жол ортасында самокатпен жүрген бір топ адам тұрғындарды ашуландырды. Оларды қалалық полицейлер іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жолдың қақ ортасында самокат теуіп жүрген төрт адамның видеосы тарады. Қолданушылар оларды бейқамдығы үшін сөгіп жатыр. Олар жол деген - қауіпті орын екенін және мұнда қателік кешірілмейтінін еске салды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Полиция департаменті видеоға түсінік берді.

"Бұл шынымен олардың өміріне қауіп төндіреді. Біз оларды міндетті түрде тауып, жауапқа тартамыз", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев полиция жолдар мен тасжолдарда электрсамокатпен жүретіндерді ұстайтынын мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети