08 ақпан 2022 12:39

Жұманғарин Тоқаевқа олигополияны айтып шағымданды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтен монополистермен қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын сұрады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырған олигополияларға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтен монополистермен қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын сұрады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырған олигополияларға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Тоқаев премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға сұрақ қойды.

"Менің түсінуімше, менің берген тапсырмаммен Серік Жұманғарин екеуіңіз айналыстыңыздар. Не істелді, қандай нәтижелерге қол жеткізілді" - деп сұрады Мемлекет басшысы.

Скляр 1 ақпаннан бастап 21 табиғи монополия субъектісіндегі тарифтерді орташа есеппен 80 пайызға төмендеткенін айтты.

"Біздің жұмысқа көмір өндіретін "Богатырь көмір" кәсіпорны мысал бола алады. Бір ЖШС ұзындығы екі шақырымнан асатын кірме жолдарды жекешелендірді және бұл үшін ақы алды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл 3,2 миллиард теңгеге жеткен. Осыған дейін бір тонна көмір 130 теңгеден болған. Біз тарифтерді 93 пайызға төмендеттік. 1 наурыздан бастап тарифтерді қайта қараймыз. Тағы 20-дан астам субъектіні тексеру туралы бұйрық шықты. Жұмыс жалғасып жатыр. Нәтижесі Сізге және жұртшылыққа хабарланады", - деді Скляр.

Жұманғарин "соңғы шақырым" жобасы негізгі қуатқа жататынын түсіндірді. 

"Портқа кіреберіс жол "Каскор-Транссервис" компаниясына тиесілі екені белгілі болды. Қазір Маңғыстау облысының департаменті тексеріс жүргізу үстінде. Ол 18 шақырымнан асады. 

Елімізде мұндай мысалдар көп. Олар кірме жолдарға ғана қатысты емес. Бірақ негізгі билік үстем құрылымдардың, негізінен олигополиялардың қолында шоғырланған, олар өз жағдайын пайдаланып, ең алдымен, шағын және орта бизнестің дамуына айтарлықтай кедергі келтірді", - деді Жұманғарин.

Оның айтуынша, мамандар бұл мәселемен әртүрлі бағытта кең ауқымда жұмыс істеп жатыр, оның нәтижесі 180 күн ішінде белгілі болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети