17 мамыр 2022 06:15

Жұмбақ жағдайда жоғалған павлодарлық өлі табылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жұмбақ жағдайда жоғалып, екі аптадан бері іздестіріліп жатқан Павлодар облысы Қарасу ауылының 27 жастағы тұрғыны өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жұмбақ жағдайда жоғалып, екі аптадан бері іздестіріліп жатқан Павлодар облысы Қарасу ауылының 27 жастағы тұрғыны өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарлық еріктілер Instagram-да жігіттің өлімі туралы хабарлады. 

"27 сәуірге қараған түні жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен Дархан Байтоқ өлі табылды. Осымен бітті. Өкінішке қарай, біз қорыққан дүние болды", - деп жазды "VITA" жасағының іздеушілері Instagram-дағы парақшасында.

Жігіттің өлімі туралы ақпаратты Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған азаматтың мекенжайын анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қамыс арасынан Дархан Байтоқтың денесін тапты. Бүгінде ол сот-медициналық сараптамаға жіберілді, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети