15 шілде 2021 12:37

Жұмысқа бара алуы үшін кім екпе салдыруы тиіс? Тізім толықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында күндізгі режиде жұмыс істеуі үшін қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина салдыруы керек нысандар тізімі толықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында күндізгі режиде жұмыс істеуі үшін қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина салдыруы керек нысандар тізімі толықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа тізімге енген нысандар:

  • халыққа қызмет көрсету нысандары - бұл ХҚКО, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының нысандары, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пунктері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, SPA және массаж салондары/орталықтары/кабинеттер, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтер;
  • тұтыну өнімдері мен тауарларын көтерме және бөлшек сауда, қоймалар, оның ішінде базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер;
  • мәдениет және демалыс нысандары - бұл музейлер, қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары;
  • халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандар - бұл қонақ үйлер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер;
  • жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар, әуежайлар, теміржол, көлік және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдар, жолаушыларға қызмет көрсету пунктері;
  • білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде ересектер мен балаларға арналған білім беру дамыту және түзету орталықтарының, оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдарды;
  • санаторий-курорт және сауықтыру мақсатындағы нысандар - бұл санаторийлер, үйлер, базалар және демалыс аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері-мектеп жанындағы, қала сыртындағы, туристік базалар;
  • қоғамдық тамақтандыру, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ, стритфуд жеткізуді жүзеге асыратын нысандар;
  • барлық үлгідегі медициналық - әлеуметтік нысандар - қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері;
  • Денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалардың;
  • дәріхана ұйымдарының;
  • тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық нысандары - сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау ұйымдары, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару бойынша, үй-жайлар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК;
  • экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;
  • ойын-сауық нысандары - компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары мен саябақтар, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату бойынша пункттер/нүктелер;
  • байланыс және телекоммуникация нысандары.

Айта кетейік, Қазақстанда міндетті вакцинацияның жаңа мерзімдері бекітілген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети