18 сәуір 2016 | 14:42

Жұмысшылардың шағымынан кейін Алматы метросының директоры жұмыстан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айдын Оразханов.© Роза Есенқұлова Айдын Оразханов.© Роза Есенқұлова

Жұмысшылардың шағымдарынан кейін Алматы метросының директоры Айдын Оразханов жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жұмысшылардың шағымдарынан кейін Алматы метросының директоры Айдын Оразханов жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәліметті Алматы әкімдігіндегілер растады. Бүгін, 18 сәуірде ұжымға директордың міндетін атқарушы таныстырылды. Бұл қызметке осыған дейін директордың орынбасары болған Нұрлан Маханов келді. 

Еске салайық, осыған дейін метроның 100-ге жуық жұмысшысының басшылықтың үстінен әкімдік пен прокуратураға заңсыз жұмыстан шығарды деп шағым түсірген болатын. Бұдан кейін метрополитенде тексеріс басталған еді. Сөйтсе, 2015 жылы 213 адам, ал 2016 жылы 40 адам жұмыстан шығарылыпты.

Айта кетейік, Айдын Оразханов метроның директоры болып 2014 жылы тағайындалған еді. Метрополитеннің жұмысшылары әкімге және министрлікке сол уақыттағы басшы Қуат Мұсабековтің үстінен шағым түсірген болатын. Жұмысшылар оны ҚР заңын бұзды, туысқандарын жұмысқа тартты деп айыптады. Осыған байланысты тексеріс жүріп, кейін Мұсабеков қызметінен кеткен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.58   535.1   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети