Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Жүргізушілерге көліктен полицияның рұқсатынсыз шығуға тыйым салынбауы мүмкін

18 Наурыз 2015, 10:50
1
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Жүргізушілерге автокөліктен полиция қызметкерінің рұқсатынсыз-ақ шыға беруге тыйым салынбауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысынан. 

Мәжілісте "Жол қозғалысы туралы" заңның жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде мәселе қаралды. Заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің хатшысы Светлана Бычкованың түсіндіруінше, "Жол қозғалысы туралы" заңда қарастырылған автокөліктен полицияның рұқсатынсыз шығуға тыйым салу туралы норма қоғам мүшелерінің наразылығын туғызды. 

"Парламент Мәжілісі депутаттары, "Халық коммунистері" фракциясы мүшелері "Жол қозғалысы туралы" заңға өзгерту енгізу туралы жобаға бастамашы болған еді, 2014 жылдың қазанынан бастап, "Жол қозғалысы туралы" заң күшіне енді, онда полиция тоқтатқан кезде жолаушыларға көлік құралынан полиция қызметкерінің рұқсатынсыз шығуға тыйым салатын норма болды. Бұл норманы қоғам теріс қабылдады, ол заң жобасын қайта жасауға себеп болды, соған байланысты аталған норманы заңнан алып тастау ұсынылды. Қаулының жобасы сіздердің қолдарыңызда, қолдауды сұраймыз", - деді Бычкова. 

Депутаттар қаулының қабылдануын қолдап, бірауыздан дауыс берді. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай