23 ақпан 2017 | 18:05

Журналист Жанболат Мамайдың Алматыдағы тергеу изоляторында қысым көргені расталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Журналист Жанболат Мамайдың Алматыдағы тергеу изоляторында қысым көргені расталды. Мұндай қорытындыны тексеріс жүргізген Ұлттық алдын алу механизмінің қатысушылары жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Журналист Жанболат Мамайдың Алматыдағы тергеу изоляторында қысым көргені расталды. Мұндай қорытындыны тексеріс жүргізген Ұлттық алдын алу механизмінің қатысушылары жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жанболат Мамаймен және осы мекемедегі адамдармен, сондай-ақ, адвокаты Ж.Е.Балғабаевамен әңгімелескеннен кейін қамалған адамның бұл изолятордағы қауіпсіздігі лайықты түрде қамтамасыз етілмегені анықталды. Нақтырақ айтқанда, оған камераластары психологиялық және физикалық қысым көрсеткен. Қысым көрсеткендер - бірнеше рет сотты болған адамдар", - деді ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Ұлттық алдын алу механизмінің қатысушылары Жанболат Мамайдың адвокатының мекеме әкімшіліге қорғауындағы адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қолдануы туралы өтініш берген дерегін анықтаған, алайда ешқандай шара қабылданбаған.

Сонымен қатар, баспасөз хабарламасында қысым көрсету дерегі бойынша мәліметтің кінәлілерді анықтап, жазалау үшін прокуратура органдарына жіберілгені айтылады. 

Еске салайық, осыған дейін Антикоррупция қызметі Жанболат Мамайға қатысты тергеу шараларын жүргізіп жатқанын хабарлаған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "БТА Банк" АҚ Директорлары кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовқа, Жаксылық Жарымбетовқа және өзге тұлғаларға қатысты банк қаражатын жымқыру деректері бойынша қылмыстық істің тергеуін жалғастырып жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети