1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Журналист Қазис Тоғызбаев қайтыс болды 28 ақпан 2021, 17:46

73 жасында журналист Қазис Тоғызбаев қайтыс болды. Бұл туралы журналист Назира Дәрімбет Facebook-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: Facebook-парақшасынан алынған Фото: Facebook-парақшасынан алынған

73 жасында журналист Қазис Тоғызбаев қайтыс болды. Бұл туралы журналист Назира Дәрімбет Facebook-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің Қазеке, Қазис Қабдышұлы бізді тастап кетті ... Жақында ғана ол кісімен хат жазысқан едім, короновирус инфекциясын жұқтырып, ауруханада емделіп шыққан, хәлі жақсы еді ... бұл қалай болғаны, Қазеке ??? жатқан жерің жайлы болсын! Қош болыңыз! Көптеген қызықты және қиын күндер, жылдар бірге өтті ... өмірімнің бір бөлігі сізбен өткен сияқты көрінеді ...", - деп жазды Назира Дәрімбет Facebook-парақшасында.

Запастағы полковник Қазис Тоғызбаев әскери қызметін аяқтағаннан кейін журналистикамен айналысып, суретке түсіруге қызығушылық танытқан. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газетінде жұмыс істеді. Kub.info сайтында жеке блог жүргізді, онда фоторепортаждарын жариялады. Жұмыстарының бірі Алматы маңындағы Бақай және Шаңырақ кенті тұрғындарын күштеп көшіру туралы болды.

2007 жылғы қаңтарда Қазис Тоғызбаев Қазақстанда демократиялық құндылықтарды ілгерілетуге қосқан үлесі үшін "Бостандық сыйлығымен" марапатталды. 2008 жылғы қыркүйекте Азаттық радиосында "Свободная Европа"/"Свобода" тілшісі болып жұмыс істеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!