"Хабар 24" телеарнасының журналисі Вера Захарчук Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен сұхбаты туралы ерекше анонс түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Хабар 24" телеарнасының журналисі Вера Захарчук Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен сұхбаты туралы ерекше анонс түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шамасы, видео Мемлекет басшысымен сөйлесіп болғаннан кейін бірден смартфон камерасына түсірілген.
Төменде кадрлардағы диалог көрсетілген:
"Бұл мен, егізі емеспін", - дейді Президент.
"Біз елімізде болып жатқан барлық оқиға туралы өте ашық сұхбат жаздық", - дейді Вера Захарчук.
"Шынымен, сұхбатты көріңіздер", - деп толықтырды Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Көруге тұрарлық нәрсе бар ма?", - деп сұрайды Вера Захарчук.
"Менің ойымша, тыңдау керек", - деп жауап береді Президент.
"Әсіресе біреулер...", - деп аяқтады журналист.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оған қоса жарияланған тағы бір ресми тизер бар. Видеоға қарағанда Президент Тоқаев атыс бастау туралы бұйрық, Тұңғыш Президент, кадрлық шешімдер, Гегель мен Бабель туралы айтып береді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұған дейін Президент баспасөз хатшысы Берік Уәли бүгін, 29 қаңтарда "Хабар" және "Хабар 24" телеарналарынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзив сұхбаты көрсетілетінін хабарлаған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!