29 қаңтар 2022 20:15

Тоқаев шеруге шыққандар туралы: Аяғынан атса сезбеді, есірткіге мас болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев. © facebook.com/Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев. © facebook.com/Берік Уәли

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар 24" телеарнасының журналисі Вера Захарчукке берген сұхбатында қаңтар оқиғасы кезінде шеруге шыққандардың ішінде есірткіге мас болғандар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар 24" телеарнасының журналисі Вера Захарчукке берген сұхбатында қаңтар оқиғасы кезінде шеруге шыққандардың ішінде есірткіге мас болғандар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Полицейлердің қолында дубинка болды, олар шу гранаталары, көзден жас ағызатын газбен қаруланды. Біз қару шерушілерге қарсы қолданылмайды деп келдік. Сосын суатқыш машиналар болды. Бірақ бұл машиналарды қолдана алмады. Себебі бандиттер бірден басып алды. Олар полицейлердің шерушілерге қатысты қару қолданбау керек деген нақты нұсқаулығы болғанын білді. Бұл операция дайындықпен болғанын білдіреді. Қару-жарағы болмаған десантшылар қатты зардап шекті. Олардың қолында дубинка мен қалақтар болды. Оларды шешіндіріп, Президент Резиденциясына шабуыл кезінде тірі қалқан ретінде пайдаланды. Бұл бір. Екіншіден, әйелдерді қолданды. 

Қазір тергеуден бандиттер есірткі затына мас болғаны анықталып отыр. Ауырсыну сезімі болған жоқ. Қорытынды кезеңте күш органдары күш қолдана бастағанда, аяғынан ата бастағанда құлады, бірақ ауырсынбады. Әдетте жарақат алғандар сезетін ауырсыну болмады. Бұл жоспарланған операция екенін тағы бір мәрте көрсетіп отыр", - деді Президент.

Президенттің сұхбаты "Хабар" және "Хабар 24" телеарналарынан көрсетілді. 

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "Қазмұнайгаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети