20 қыркүйек 2023 12:07

Журналистерге жасалған шабуылдар: Клебановқа қатысты сот жабық режимде өтеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Facebook/Вадим Борейко

Қазақстандық журналистерге жасалған шабуылдар бойынша қылмыстық тергеу жабық режимде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы сотының хабарламасына сілтеме жасап.


Қазақстандық журналистерге жасалған шабуылдар бойынша қылмыстық тергеу жабық режимде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы сотының хабарламасына сілтеме жасап.

Сотта жәбірленушілердің өтініші бойынша А.Клебановқа қатысты сот отырысы жабық режимде өтетіні хабарланды.

"2023 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында А.Клебановқа қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы тергеушінің қаулысын қарау бойынша кезекті сот отырысы болды. Бірқатар жәбірленушілерден сот отырыстарын жабық режимде өткізу туралы өтініш түсті.

Сот аталған тұлғалардың және олардың отбасы мүшелерінің жеке өміріне қатысты мәліметтерді жария етуге жол бермеу қажеттілігін ескере отырып, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 29-бабына сәйкес, аталған өтінішхатты қанағаттандырды. Одан әрі іс жабық режимде өтеді", - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы редакциялар мен қазақстандық БАҚ өкілдеріне шабуыл жасау фактілерін тексеріп жатқаны хабарланған болатын.

"Журналистерге жасалған шабуылды ұйымдастырушы және бастамашы Қазақстан азаматы Клебанов (Маневич) Аркадий Сергеевич екені анықталды, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды", - деп бұрын хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети