12 қазан 2021 12:56

Жыл басынан бері 14 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Жыл басынан бері 14358 этникалық қазақ тарихи Отанына оралып, қандас мәртебесін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жыл басынан бері 14358 этникалық қазақ тарихи Отанына оралып, қандас мәртебесін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода атап өткендей, 1991 жылдан бастап Қазақстанға 1,084 миллион этникалық қазақ оралды.

Этникалық қазақтардың басым бөлігі биыл Өзбекстаннан келді - 76,3 пайыз. 9,4 пайызы Қытайдан, 6,4 пайызы Түрікменстаннан, 2,5 пайызы Моңғолиядан және 5,4 пайызы басқа елдерден.

Отанына оралған этникалық қазақтар қоныстанған аймақтар:

Алматы облысында (28 пайыз);
Маңғыстау облысында (19,3 пайыз);
Түркістан облысында (13,5 пайыз);
Жамбыл облысында (8,1 пайыз);
сондай-ақ Шымкент қаласында (10,7 пайыз).

Қандас мәртебесін алып, қоныс аударушылардың 55 пайызы еңбекке жарамды, 27,9 пайызы еңбекке жарамды жастардан кіші және 17,1 пайызы зейнеткерлер.

Білім деңгейі бойынша еңбекке жарамды үміткерлердің 11,1 пайызы жоғары білімді, 39,8 пайызы орта арнаулы, 45,5 пайызы жалпы орта және 3,6 пайызы білімі жоқ.

Еске салайық, "қандастар" термині Қазақстанда "оралман" сөзімен ауыстырылды. Тиісті заңға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Қазақ тілінен аударғанда бұл сөз "тайпа адамы" дегенді білдіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети