15 шілде 2021 16:27

Жыл басынан бері 47 мың қазақстандық жұмыссыздық бойынша төлем алуға жүгінген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: TENGRINEWS/Тұрар Қазанғапов Фото: TENGRINEWS/Тұрар Қазанғапов

Жыл басынан бері 47 мың қазақстандыққа бірінші рет жұмысынан айырылғаны үшін жәрдемақы тағайындалды. 1 шілдедегі жағдай бойынша бұл жәрдемақыны 70,3 мың адам алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жыл басынан бері 47 мың қазақстандыққа бірінші рет жұмысынан айырылғаны үшін жәрдемақы тағайындалды. 1 шілдедегі жағдай бойынша бұл жәрдемақыны 70,3 мың адам алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі қолданыстағы нормалар бойынша жұмыстан босатылған қызметкерлер жұмыс өтіліне және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқанына байланысты бір айдан алты айға дейін жұмысынан айрылған кезде төлемдер ала алатынын хабарлады.

Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау үшін:

  • eGov.kz порталына тіркелу;
  • "жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
  • барлық ақпаратты толтырып, қызметке онлайн тапсырыс беру және ЭЦҚ-мен қол қою арқылы өтінімді жіберу;
  • бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – ХЖҚО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
  • егер жұмыс табылмаса, 3 күн ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін өтініш берушіге ХЖҚО қызметкері хабарласады).

Сондай-ақ, ведомство жүйеде жұмыссыздың деректері болған жағдайда оған төлемді тағайындау бойынша келісім SMS түрінде келетінін айтты. Төлем жұмыстан босату себептеріне қарамастан автоматты түрде тағайындалады.

Айта кетейік, жыл басынан бері еліміздегі жұмыссыздар саны былтырғымен салыстырғанда екі пайызға артып, 451,3 мың адам болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети