Жыл басынан бері қанша бала ата-анасының салғырттығынан қаза тапты?

28 Тамыз, 09:41
0
Жыл басынан бері қанша бала ата-анасының салғырттығынан қаза тапты? - © newsone.ua
© newsone.ua

Жыл басынан бері 118 бала жол апаты салдарынан қайтыс болды, 123 сәби суға кетті, 108 кәмелетке толмаған балалар өз-өзіне қол салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ересектердің немқұрайлылығы мен жауапсыздығы көбінесе балалар мен жасөспірімдердің жарақаттануына және қазасына әкеп соқтыратын әртүрлі төтенше жағдайлардың себебі болып табылады.

Есте сақтаңыз, балалардың қауіпсіздігі - ересектер жасауы тиіс қамқорлық. Ағымдағы жылдың 20 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Средигорное ауылында үш күндік іздестіру шараларынан кейін зардап шеккендердің үйінің ауласында орналасқан құдықтағы балшықтың астынан 2 жасар баланың мәйіті табылды.

"26 тамыз күні Ақтөбе облысының Бадамша ауылында жергілікті тұрғындар өзенге батып кеткен 4 жасар баланың денесін алып шықты. Жыл басынан бері су айдындарында 123 бала суға батып, 119 бала құтқарылды. Жол-көлік оқиғасына кінәлі немесе құрбаны болмау үшін балаларға жол жүру ережелері туралы еске салып, оларды жолда және қоғамдық көлікте барынша сақ болуға үйретіңіз", - делінген хабарламада.

Автокөлікпен жүргенде балалар үшін қауіпсіздік белдігі және балалар креслосы туралы ұмытпаңыз. Баланың өмірі - жол қауіпсіздігі мәселесінде үлкен маңызға ие. Оның үстіне жаңа оқу жылының басталуымен жол-көлік оқиғаларының туындау қаупі айтарлықтай артады.

"Құрметті ата-аналар, жолда жүру дағдыларын қалыптастырудың негізгі тәсілі - қадағалау жасау, үлкендердің өздері жол ережесін сақтап үлгі болуы керек. Ағымдағы жылы жол-көлік оқиғаларында 118 бала қаза тауып, 2 275 бала түрлі дәрежедегі жарақат алды. Ішкі істер министрлігі азаматтарды өз балаларын қараусыз үйде жалғыз қалдырмауға шақырады", - делінген хабарламада.

Биыл 26 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында 4 қабаттың терезесіндегі тормен ойнап отырып, 8 жасар қыз және оның кіші сіңлісі құлап, ауыр халде ауруханаға жатқызылды.

Жасөспірімдер сіздің қамқорлығыңызға және ата-ана бақылауына өте мұқтаж екенін есте сақтаңыз. Туыстарымен, ата-аналармен арадағы келіспеушіліктер және жалғыздық сезімі кейде өзіне-өзі қол жұмсауға әкеледі. Ағымдағы жылы 312 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады, оның 108-і өліммен аяқталды.

"Балалардың назарын өрттердің ең көп таралған оқиғаларына аударыңыздар: бұл отпен ойнату, сөндірілмеген көмір, күл, от, қысқа тұйықталу, электротехникалық құрылғыларды, тұрмыстық құралдарды, пештерді пайдалану, осының барлығы өртке әкелуі мүмкін және оның салдарынан болған зарпатың орны толмайды. Ағымдағы жылы тұрғын үй секторындағы өрт кезінде 16 бала қаза болды", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Балалардың түнгі уақытта ересектердің қадағалауынсыз көшеде жүруіне жол бермеңіз. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүргені үшін ағымдағы жылы 40 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Балалардың бос уақытын қатаң бақылау керектігін ұмытпаңыз. Қандай тәсілмен қадағалайсыз, ол өз таңдауыңызға байланысты.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай