03 маусым 2022 11:42

Жыл басынан бері Қазақстанға қанша қандас оралды?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Жыл басынан бері 5 679 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.


Жыл басынан бері 5 679 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 5 679 этникалық қазақ тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 93,5 мың этникалық қазақ оралды", - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (68,7 пайыз) Өзбекстаннан, 10,4 пайыз - Қытайдан, 8,8 пайыз - Түрікменстаннан, 2,6 пайыз - Моңғолиядан және 9,5 пайыз басқа елдерден қоныс аударғаны айылды.

Келген этникалық қазақтар, негізінен мына өңірлерге қоныстанған:

  • Алматы облысы - 31,1 пайыз;
  • Маңғыстау облысы - 18,8 пайыз;
  • Түркістан облысы - 10,3 пайыз;
  • Жамбыл облысы - 6,2 пайыз;
  • Алматы - 6 пайыз;
  • Нұр-Сұлтан - 6,9 пайыз;
  • Шымкент - 7,9 пайыз.

Ведомство мәліметінше, биыл 1 маусымдағы жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 63,2 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар саны 22,8 пайыз және зейнеткерлер саны 14 пайыз.

"Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,4 пайызы жоғары білімді, 40,3 пайызы орта кәсіби білімді, 46,6 пайызы жалпы орта білімді және 1,7 пайызының білімі жоқ", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети