04 қыркүйек 2014 17:49

Жыл сайын асырап алынған 15-ке жуық бала кері қайтарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Жыл сайын асырап алынған жетімдердің 10-15-і балалар үйлеріне қайтарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Мәншүк Әбдікәрімге сілтеме жасап.


Жыл сайын асырап алынған жетімдердің 10-15-і балалар үйлеріне қайтарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Мәншүк Әбдікәрімге сілтеме жасап.

"Өкінішке қарай, балалардың қайтып алынатын жағдайлары болып тұрады. Біздің жыл сайын жасалатын статистикамызға қарағанда, жылына 10-15 бала балалар үйлеріне қайтып келеді. Негізінен, бұған ата-аналардан аурулардың анықталуы, ата-ана мен баланың өзара үйлеспеуі сияқты жағдайлар себеп болады. Ата-аналардың өздері баланы қабылдауға дайын емес болып шығады", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Әбдікәрім балалар үйлерін отбасылардың базасында ашу жұмысы қолға алынып жатқанын айтты. "Қаржыландыру формасын ұсынатын боламыз, тиісінше, барлық шығысты ескереміз. Егер өз отбасына балалар үйлерінің 10 тәрбиеленушісін қабылдауға келісім бергендер болса, оларға тиісті шығындарын өтеу мүмкіндігін қарастырамыз, шығындармен бірге жалақыны, жөндеуді қарастыратын боламыз", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети