31 қаңтар 2014 09:29

Жылжымайтын мүлік орталығы басшысы 12 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vesti.kz ©Vesti.kz

Алматы жылжымайтын мүлік орталығының директоры пара алғаны үшін 12 жылға сотталды деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Ертарғын Сәдуақасовқа сілтеме жасап. 2012 жылдың тамызынан желтоқсан айына дейін Алматы жылжымайтын мүлік орталығын басқарған Сейсен Оразақыновты сот 12 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеп, жаза өтегеннен кейін жеті жылға дейін жетекші лауазымда болу құқығынан айыру жазасына кесті. Оның үш сыбайласы 8,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар да жаза өтеген соң бес жылға дейін лауазымды қызметтерге тұра алмайтын болды. Үкім "Бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару", "Заңсыз жолмен алынған қаражатты заңдастыру", "Пара алу" баптары бойынша шығарылды. Еске сала кетейік, бұл факті 2013 жылдың мамыр айында әшкере болған еді. Жылжымайтын мүлік орталығының директоры өзінің көмекшілері мен орталықтың Әуезов, Түрксіб, Алатау, Медеу және Бостандық аудандарындағы бөлімдері басшыларымен бірге қылмыстық топ құрып, азаматтардан жүйелі түрде пара алып отырған. Қаржы полициясының мәліметінше, орталықтың аудандық бөлімшелерінің басшылары жылжымайтын мүліктің техникалық құжатын кедергісіз әрі жылдам рәсімдеп беру үшін пара алып отырған. Әр аптаның соңында жиналған ақшаның 80 мың теңгеден 225 мың теңгеге дейінгі бір бөлігі орталық директорына берілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети