17 шілде 2020 19:16

Қабірлерді алдын ала қазамыз. Ақтауда пневмониядан көз жұмғандар саны артқаны хабарланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Ақтауда пневмониядан қайтыс болғандар саны күрт өсті, сондықтан қызметкерлер моланы алдын ала қазуға мәжбүр. Бұл туралы "Светоч" салттық қызмет көрсету салонының директоры Наталья Серова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтауда пневмониядан қайтыс болғандар саны күрт өсті, сондықтан қызметкерлер моланы алдын ала қазуға мәжбүр. Бұл туралы "Светоч" салттық қызмет көрсету салонының директоры Наталья Серова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, шілдеден бастап күніне орта есеппен жеті-он адам қаланың ескі және жаңа зиратында жерленеді. Маман карантин алынғаннан кейін өлім саны артып кеткенін айтады.

Наталья Серованың айтуынша, 1-15 шілде аралығында 100-ге жуық адам жерленген.

"Соңғы жарты аптада жағдай нашарлады. 4 шілдеде мәйітханаға бірден 17 адам, келесі күні 28 адам келді. Келесі күндері қаза болғандар саны күніне 40-50 адамға жетті. Біз қабірлерді алдын ала қаза бастадық, ал оны жасамасақ, мәйітхана денелерге толып қалар еді", - дейді ол. 

"Бұрын аптасына үш-жеті жерлеу рәсімі өтетін. Аптасына 10 жерлеу сирек кездесетін. Қазір өлім-жітім бірнеше есеге өсті. Қайтыс болғандарда негізінен пневмония болған немесе өкпесі қабынған. Кейбіреуінде - коронавирус.

Ақтаудағы жағдай өте қиын. Карантин кезінде өлім болмаған. Бірде-бірі пневмония немесе коронавирустан емес. Сол кезде жерлеген адамдарда қатерлі ісік, жүрегі әлсіз болған немесе жасы келіп көз жұмғандар", - дейді Наталья Серова.

Маман 2019 жылы шілде айында 30 адам жерленгенін, ал биыл 15 күн ішінде 96 адам қайтыс болғанын мәлідеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети