Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Кәдеге жарату төлемі ауыл шаруашылығына зиянын тигізеді - сенатор 20 қаңтар 2022, 12:00

Сенат депутаты Мұхтар Жұмағазиев кәдеге жарату төлеміне қатысты бірқатар мәселені қозғады. Сенатор кәдеге жарату төлемінің мөлшерлемесін төмендету
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Сенат депутаты Мұхтар Жұмағазиев кәдеге жарату төлеміне қатысты бірқатар мәселені қозғады. Сенатор кәдеге жарату төлемінің мөлшерлемесін төмендету мәселесін қарастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатор Мұхтар Жұмағазиев премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында кәдеге жарату алымын жинауға қатысты бірқатар проблемалық мәселелерді айтты.

Ол кәдеге жарату алымының жоғары мөлшерлемелеріне шағымдар сенаторларға депутаттардың өңірлерге сапары кезінде облыс тұрғындарынан бірнеше рет келіп түскенін айтты. Сенатор жеңіл көліктерге кәдеге жарату төлемінің мөлшерлемесі 400 мың теңгеден 3,5 миллион теңгеге дейін, ал жүк көлігі мен ауыл шаруашылығы техникасына 14 миллион теңгеге дейін жететінін айтты. Бұл шетелден импортталатын, сондай-ақ Қазақстанда өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасының айтарлықтай қымбаттауына алып келді.

"Фермерлер үшін кәдеге жарату алымы іс жүзінде қосымша салыққа айналды. Техниканы әкелу кезінде фермерге техника құнының 25-30 пайызына тең сомада бастапқы жарна мен кәдеге жарату алымын төлеуге тура келеді. Мәселен, тракторлар бойынша орташа алым мөлшерлемесі 11 миллион теңгеге дейін, ал комбайндар бойынша 22,5 миллион теңгеге дейін жетеді, бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қосымша қаржылық жүктеме береді", - деді сенатор Жұмағазиев.

Фермерлер үшін тағы бір өзекті мәселе - ескі техниканы кәдеге жарату үшін жеңілдік сертификатының мөлшері. Сенатор комбайнды кәдеге жарату алымы 75-80 миллион теңге бағасымен 9 миллион теңге екенін, ал жеңілдік сертификатының мөлшері тек 2 миллион теңге немесе техника құнының небәрі 2,5 пайызы екенін айтты. Осыған байланысты Мұхтар Жұмағазиев жеңілдік сертификаты көлемін ұлғайтуды ұсынды.

"Ауыл шаруашылығы техникасының тозуы 80 пайызға дейін болған жағдайда кәдеге жарату алымының қолданыстағы нормалары отандық фермерлерге және жалпы ауыл шаруашылығына елеулі залал келтіретіні анық. Нәтижесінде, азық-түлік өнімдері мен оларды өндірумен технологиялық байланысты тауарлар мен қызметтерге баға өсіп жатыр", - деді Мұхтар Жұмағазиев.

Сенатордың айтуынша, қалыптасқан жағдайға байланысты қазақстандықтар сапалы, заманауи автомобильдер мен өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығы техникасына қолжеткізуден іс жүзінде айырылды.

Депутат үкімет басшысына кәдеге жарату алымының мөлшерлемесін төмендету, экологиялық импорттық ауыл шаруашылығы техникасына оның аналогтарының болмауын ескере отырып, кәдеге жарату алымын алып тастау, жүк көлігі мен ауыл шаруашылығы техникасы үшін кедендік баждарға уақытша мораторий енгізу мәселелерін қарауды ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram