20 ақпан 2014 16:52

ҚАЖК басшысы жемқорлыққа қарсы кеңес отырысына тағы келмеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Бердалин. Фото kuis.kz сайтынан алынды Бауыржан Бердалин. Фото kuis.kz сайтынан алынды

ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Бауыржан Бердалин "Нұр Отан" партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес отырысына тағы келген жоқ деп хабарлайды Tengrinews.kz кеңес басшысы Қайырбек Сүлейменовке сілтеме жасап. ҚАЖК-дан кеңес отырысына төрағаның орынбасары келіп, ведомство басшысының демалыста екенін айтты. Кеңес мүшелері бұл жайтқа ерекше назар аудармай қоймады, себебі, Бауыржан Бердалин бұл кеңестің отырысына 2013 жылы да демалыста болу себепті қатыспаған. "Ғажап, мүмкін біз партия басшылығына баяндармыз, Президент Әкімшілігі ҚАЖК төрағасына қатысты бұл ақпаратты ҚР Ішкі істер министрлігі жетекшілігіне енгізсін. Бұлай етуге болмайды ғой, бұл - біздің құрылым мен партияны мүлдем сыйламау. Сәлем жолдаңыз", - деді кеңес төрағасы комитет өкіліне. Өткен жылы Сүлейменов баяндағандай, соңғы кездері аталған комитетте қаржы тәртібін бұзу деректері жиілеген. "ҚАЖК да, Сот актілерін орындау жөніндегі комитет де салыстырмалы түрде жуырда өзге ведомстволардан өздерінің тарихи орындарына оралды (ІІМ - Авт.). Осы жылжу жемқорлықтың таралу себептерінің бірі бола ала ма, оны айту қиын. Бірақ бұл жайттың кадрлар құрамының сапасына кері әсер еткенін сеніммен айтуға болады", - деген болатын Сүлейменов. Мәжіліс депутатының 2013 жылдың мамыр айындағы сөзіне қарағанда, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде бюджет қаржысы мен мемлекет мүлкін тиімсіз пайдалану үрдісі етек алды. Қайырбек Сүлейменов сол кезде "Қандай мемлекеттік тәртіп пен кадрларды іріктеу мәселесі туралы айтуға болады егер тәрбиеші қызметін бұрын сотталған адамдар атқарып отырса?" - деп наразылық білдірген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети