03 наурыз 2023 16:18

Қалыңдықтың құпиясы. Қазақстандық ер адам әйелін сотқа берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ер адам әйелі жасырын некеге тұрғанын Дубайдан Грузияға көшкенде білген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ер адам әйелі жасырын некеге тұрғанын Дубайдан Грузияға көшкенде білген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлі-зайыпты Дубайда некеге тұрған. Неке елшілікте, содан кейін ҚР аумағындағы АХАТ органында тіркелген. Олар бірге тұрған кезеңде ортақ балалары дүниеге келген.

Одан кейін отбасы Грузияға қоныс аударып, онда олар сол елде тұруға рұқсат алған. Алайда, құжаттарды алған кезде ер адам жұбайы жеті жыл бұрын Тбилиси қаласында Грузия азаматымен некеге тұрғанын біледі.

Ер адам осы жағдайға байланысты зайыбының некеде тұрғаны туралы ештеңе білмейтінін айтып сотқа жүгінген. Сот 2018 жылы Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығында жұбайлар арасында тіркелген некені жарамсыз деп таныды.

Әйел Астана қаласы сотына апелляциялық шағыммен жүгінген. Апелляциялық сатыдағы сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Шешім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети