12 қараша 2021 13:02

Қамалжан Надыров "Астана" медицина университетінің ректоры болып тағайындалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қамалжан Надыров. Фото:amu.kz Қамалжан Надыров. Фото:amu.kz

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы, республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының басшысы Қамалжан Надыров "Астана" медицина университетінің ректоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа ректорды таныстырғаны хабарланды.

  • 2017-2019 жылдары Надыров Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарды.
  • 2019-2020 жылдары денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарған.
  • 2020 жылдың маусым-қазан айлары аралығында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қызметін атқарған.

2020 жылдың қазан айында Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мүлікті иемдену немесе ысырап ету күдігі бойынша тексеру жүргізді. Надыров 2020 жылдың 19 қазанында қызметінен кетті. Ол жаңа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кеткенін түсіндірді, бірақ содан кейін Денсаулық сақтау министрлігі оның қайда жұмыс істейтінін айта алмады. 2021 жылы наурызда Надыровты республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының басшысы етіп тағайындау туралы ақпарат хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети