18 ақпан 2014 18:48

Канадамен алыс-беріс ұлғаймақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©www.easttime.ru ©www.easttime.ru

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы Канададан ауыл шаруашылығы техникасы мен асыл тұқымды ірі қара сатып алып отыр. Ал экспортқа ештеңе шығармайды. Бұл кемшіліктің орнын толтыру жайы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров пен Канаданың еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Стефен Миллардің кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Ауыл шаруашылығы саласын дамыту керектігін Елбасы айтқан. Осыған орай аймаққа инвесторлар тартуды қолға ала бастадық. Біздің өңір егін және мал шаруашылықтарын дамытуға өте қолайлы болып саналады. Сондықтан Канада мен Солтүстік Қазақстан арасындағы байланыс екі елге де пайдасын тигізері анық. Біздегі серіктестіктер заман талабына сай жасалған сіздердің техникаларыңыз бен ірі қара малдарыңызды одан әрі де сатып ала беретін болады. Ал біз сіздерге мал етін ұсынамыз», - деді кездесуде облыс әкімі Самат Ескендіров. Солтүстік Қазақстан облысы Канада елімен 2004 жылдан бері қарым-қатынас орнатқан. Осы аралықта сауда айналымы 30 миллион АҚШ долларын құрады. Канададан біздің елге 159 «Борго», 92 «Флекси-койл» және 147 «моррис» егін кешендері жеткізілді. Сондай-ақ облыс шаруашылықтары асыл тұқымды ірі қараны да осы елден әкелуде. Мәселен, бір ғана «Зенченко және К» серіктестігі 752 ірі-қара сатып алған. Канаданың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Стефен Миллар наурыз айының басында облысқа тағы бір мәрте келіп кетпекші. Ол кезде елші мырза өзімен бірге бір топ іскерлерді де ерте келмекші екен. «Канада ашық мемлекет. Біз Америка және Мексика елімен кедендік одақ мүшесіміз, дегенмен біздің нарыққа қазақстандықтардың кіруі қиын емес. Егер қазақстандық фирмаларды біздің нарық қызықтырса, сауда-саттық жасауға мүмкіндік зор», - деді Стефан Миллар кездесу соңында берген сұхбатында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети