18 желтоқсан 2019 12:22

Қанат Бозымбаев Президент көмекшісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 


Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

"Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметінен босатылсын", - делінген Жарлықта. 

2016 жылы 25 наурызда Павлодар облысының бұрыны әкімі Қанат Бозымбаев ҚР энергетика министрі болып тағайындалған еді. 

Ол ведомствоны 2014 жылдың тамызынан берген басқарып келген Владимир Школьниктің орнына келген. 

Еске салайық, Қанат Бозымбаев Павлодар облысының әкімі болып 2013 жылы тағайындалған еді. Оған дейін 2009 жылдың қарашасынан бастап Жамбыл облысының әкімі болып келді. Одан ертеде әр жылдары ұлттық компанияларда, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде, Экономика және сауда министрлігінде қызмет атқарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети