01 наурыз 2024 17:26

Қанша қазақстандық армиядан "қашып" жүр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда әскерден жалтарушылар саны азайып келеді. Бұл туралы Қарулы Күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Азамат Досымов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Офицердің айтуынша, екі жылда әскерден жалтарушылар саны айтарлықтай қысқарған.

"Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер бойынша: екі-үш жыл бұрын олар (әскерден жалтарушылар - еск.) шамамен 35-40 мың адам болды. 2023 жылғы әскерге шақыру қорытындысы бойынша - 20 мыңға жуық адам. Осы екі жыл ішінде бірнеше есе қысқарды", - деді Досымов ОКҚ брифингінде.

Ведомство бастығының орынбасары мәліметінше, бұл ретте басқа мемлекеттік органдармен ықпалдасу және әскерге шақыру қызметінің тартымдылығын арттыру көмектеседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети