29 желтоқсан 2018 10:01

Қаңтарда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер қаңтар айында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.


Синоптиктер қаңтар айында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, қаңтарда орташа айлық ауа температурасы республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында нормадан 1 градустан жоғары, ал қалған аймақта климаттық нормаға жақын болады. 

"Бірінші декаданың басында республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтары суық антициклонның ықпалында болады. Термометрдің сынап бағанасы түнде 25...30, кей жерлерде 35 градусқа дейін аяз, күндіз 15...20, кей жерлерде 25 аязға дейін төмендейді", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігіне жылы ауа массалары келіп, жауын-шашын түседі. Ауа температурасы: түнде 2...7, кей жерлерде 12 градус  аяз, күндіз 0...5 жылы, кей жерлерде 5 градусқа дейін аяз болады.

2019 жылдың бірінші күндері ауа райы қандай болады?

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети