10 тамыз 2017 12:51

Қапшағай мен Ұзынағаштан Алматыға қатынайтын пойыз тамызда жүре бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тr.ru сайтынан иллюстрациялық сурет Тr.ru сайтынан иллюстрациялық сурет

Алматы-2 - Қазыбек-бек (Ұзынағаш) және Алматы-1 - Қапшағай бағытындағы пойыздар тамыз ортасынан бастап жолға қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы-2 - Қазыбек-бек (Ұзынағаш) және Алматы-1 - Қапшағай бағытындағы пойыздар тамыз ортасынан бастап жолға қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ұзынағаштан 9, Қапшағайдан 6 вагон шығатын болады. Вагондар ыңғайлы, кондиционер мен теледидар қойылған. Жол ақысы 80 теңге. Билет сату пойыз ішінде "Оңай" жүйесінің терминалы арқылы жүреді. 2018 жылдан бастап "Оңай" карталарын қолдануға болады", - дейді "Тұран Экспресс" ЖШС өкілдері. 

Пойыздар күніне екі рет Қапшағай мен Ұзынағаштан таңертең, ал кешкісін Алматыдан шығады. 

№ 6955/6956/6957/6958 Алматы-1 - Қапшағай пойызы Алматы-1, Медеу, Байсерке, Кайрат, Жетыген, Іле разъездері, Капшагай бекеті, Капшагай қаласы бойынша жолаушылар тасымалдайды. 

Кейін бағытты "Алматы-2" бекетіне дейін созу жоспарланған.

"Қазір ол жерде пойыз айнала алмайды. Кейін инфрақұрылымды дайындаймыз", - дейді тасымалдаушы.

Ал № 6945/6946/6947/6948 Алматы-2 - Қазыбек-бек (Ұзынағаш) пойызы Алматы-2, Алматы-1, Бұрындай, Ақсеңгір, Шамалған, Жынгелді, Қазыбек-Бек станцияларын бойынша жолаушылар тасымалдайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети