Қапшағай полицейлері аялдамада әйелді қорлаған балаларды тапты

10 Тамыз, 09:18
0
Видеодан алынған сурет
Видеодан алынған сурет

Полицейлер Қапшағайдағы аялдамада мүгедек әйелді қорлаған балалардың кім екенің анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қапшағайда полицейлер аялдамада әйелді қорлаған кәмелет жасына толмаған екі баланың кім екенін анықтады. Балалардың бірі 2008 жылы туған, Қапшағайдың тұрғыны, үшінші сынып бітірген. Бала толық емес отбасынан шыққан, анасы тағы екі баласын жалғыз тәрбиелейді. Ал екенші бала басқа өңірден, ол Қапшағайдан алшақ орналасқан", - деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев. 

Балалардың ата-анасына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127 бабы "Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы" бойынша хаттама толтырылады және оларды әкімшілік жауапкершілікке тартады. 

Әйелді қорлаған видео желіде пайда болды. Видеода бала аялдамада отырған әйелге жақындап, қолын созып, тебеді. Ал ол өзін қорғау үшін ешқандай әрекет жасамайды. Казнет қолданушылары әйелді мүгедек деп болжады. Кейін полиция қызметкерлері оны тапты. Әйел 40 жаста және баспанасыз екені анықталды.

Получить короткую ссылку


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай