17 наурыз 2022 09:11

Қапшағай тұрғындары қалаға Қонаев есімін беру туралы ойын айтты

Қапшағай қаласы. Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Қапшағай қаласы. Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Хабар 24" телеарнасының журналистері Қапшағай тұрғындары арасында сауалнама жүргізіп, қалаға Қонаев атын беру туралы ойын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Хабар 24" телеарнасының журналистері Қапшағай тұрғындары арасында сауалнама жүргізіп, қалаға Қонаев атын беру туралы ойын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төменде тұрғындардың жауабы:

"Қапшағай қаламызға Қонаев есімін беру ұсынысы құптарлық іс. Көзінің тірісінде Қазақстанның тамырына қан жүгірткен тұлғамыз".

"Сол кісінің өзі Қапшағай қаласын қалап кетті ғой. Бұл бұрыннан келе жатқан, көптен келе жатқан әңгіме".

"Осы Қапшағай қаласында 15 жылдан артық тұрамыз. Қапшағай қаласының атын Қонаев атына беруін қолдаймыз. Ол кісінің еңбектері көп". 

"Жақсы деп ойлаймын. Себебі Қонаев атамыз кезінде Қапшағайда қаншама жыл тұрды, өзі көтерді. 

"Қуаныштымыз, келісіп жатырмыз. Ол кісінің елімізге жасаған еңбегі көп. Әсірісе қазақ жұртшылығына еңбегі сіңген адам ғой. Өте қуаныштымыз"

"Қолдаймыз. Қонаев атамыздың еңбегі сіңген бұл жерге".

"Естігенде көзімнен жас шығып кетті. Бұл қуанышты хабар болды. Ел көптен күткен нүктесі қойылады-ау деп жүрген жағымды жаңалық болды".

"Қапшағай қаласына Қонаев атамыздың атын беруді қанша тұрып келе жатырмыз, сонша ұсыныс жасадық. Бүгін халық қуанып жатыр. Көп жерде айтып жатыр. Көптен күткеніміз болды".  

Еске салайық, кеше, 16 наурызда Президент Қапшағай қаласына Қонаев атын беруді қолдауға дайын екенін айтқан болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети