18 қыркүйек 2020 16:38

Қапшағайда жол жөндеуге бөлінген ақша жымқырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қапшағай шенеуніктері жолдарды жөндеуге бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қапшағай шенеуніктері жолдарды жөндеуге бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте "Қапшағай автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің" лауазымды тұлғаларына қатысты ақша жымқырды деген күдікпен соталды тергеу басталды.

Шенеуніктер орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып, ЖШС шотына ақша аударған, бірақ іс жүзінде жөндеу аяқталмағаны хабарланды. Бұл Заречныйда болды.

"Бұл мемлекетке 14 миллион теңгеден астам ірі көлемде залал келтірді. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді", - деді Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети