30 қаңтар 2020 12:25

Қапшағайда коронавирус туралы қауесет таратқан жедел жәрдем жүргізушілері ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қапшағайда коронавирус туралы қауесет таратқан жедел жәрдем жүргізушілері ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жалған ақпарат тарату дерегі бойынша жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

29 қаңтарда WhatsApp мессенджерінде белгісіз біреулер Қапшағай ауруханасына коронавирус жұқтырды деген күдікпен екі адам түскені туралы ақпарат таратқан. Тексеру кезінде бұл ақпарат расталмады. 

"Жедел-іздестіру шаралары барысында екі күдікті ұсталды, олар Қапшағай қаласының полиция бөлімшесіне жеткізілді. Екеуі де жергілікті ауруханада жедел жәрдем жүргізушісі болып жұмыс істейді. Ересек адамдардың жалған ақпаратты таратуына не түрткі болғаны тергеу барысында анықталады", - делінген Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Полицейлердің айтуынша ұсталғандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 1-бөлігі ("Көрінеу жалған ақпарат тарату") бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 

"Тергеу шараларын жүргізу Қапшағай тергеушілеріне жүктелді. Күдіктілер тергеу уақытында шақырған уақытта міндетті түрде келу процессуалдық шешім шығарылды", - делінген хабарламада. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети