26 наурыз 2021 19:17

Қапшағайда медициналық қалдықтарды тастағандар іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/shamaevamarianna Фото: instagram.com/shamaevamarianna

Желіде Қапшағай су қоймасында медициналық қалдықтар жатқаны түсірілген видео пайда болды. Бұл жағдай желі қолданушыларының наразылығын туғызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Қапшағай су қоймасында медициналық қалдықтар жатқаны түсірілген видео пайда болды. Бұл жағдай желі қолданушыларының наразылығын туғызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылы 25 наурызда Қапшағай қаласының тұрғыны Шамаева Марианна Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазба жариялады. Онда Қапшағай қаласының "Восточный" және 12 шағын аудандары аралығындағы жасанды су қоймасы маңына медициналық қалдықтар тасталғаны көрсетілген. Кадрлардан пайдаланылған медициналық инелер, қоладынлған система, мақта, дәрі-дәрмек оралған қағаз қораптарды көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от шамаева Марианна (@shamaevamarianna)

Баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, ақпарат пайда болғанан кейін қаладағы тұрғын үй және өңірлік коммуналдық қызмет жұмысшылары қоқыс тасталған жерге барып, видео-сурет дәлелдерін тіркеу және медициналық қалдықтарды жинау жұмыстарын жүргізген. Кейін медициналық қалдықтар талаптарға сәйкес толық жойылғаны хабарланды.

Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қапшағай шағын ауданындағы жасанды су қоймасы маңына тасталған медициналық қалдықтар үйіндісіне қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети