21 ақпан 2017 | 17:24

Қар көшкіні қаупі бар деген хабарлама болған жоқ - қорғаныс министрі Жамбыл облысындағы апат жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Жамбыл облысында қаза тапқан жеті әскери қызметкердің қазасы туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Жамбыл облысында қаза тапқан жеті әскери қызметкердің қазасы туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір онда тергеу органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Комиссия қорытындысы бойынша, мен сіздерге жазбаша түрде мәліметтерді беретін боламын", - деді қорғаныс министрі үкімет отырысында. 

"Жалпы бұл кездейсоқ оқиға. Бұл бөлімше 14 жылдан бері істеп келеді. Олар осы шатқалда жаз бен қыста жаттығулар өткізіп келді. Мұндай жағдай болмаған. Негізі бұл бөлімше таулы аймақтарда әрекет етуге бағытталған, бұл арнайы таулы-егерь полк жасағы. Мұның боларын... Төтенше жағдайлар және "Қазгидромет" жаңбыр жауатынын хабарлаған. Бірақ қар көшкіні болады деген мәлімет болған жоқ. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша осындай хабарлама болған. Менің ойымша, тергеу комиссиясы барлығын анықтап, мән-жайды толығымен баяндап береді", - деді ол. 

Еске сала кетейік, 17 ақпанда Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүріп, жеті адам қаза тапқан болатын. Ал кейінірек Бақытжан Сағынтаевтың Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаны тергеу барысын өз бақылауына алатыны хабарланған болатын. Айта кетейік, қаза тапқандармен қоштасу рәсімі әскери бөлімде өтеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети