20 мамыр 2020 09:16

"Қара бүркіт" түрмесіндегі қызметкерлердің коронавирусты қайдан жұқтырғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Санитарлық дәрігерлер коронавирустың Жітіқарадағы түрмеге қалай жеткенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Санитарлық дәрігерлер коронавирустың Жітіқарадағы түрмеге қалай жеткенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысында коронавирус жұқтырғандардың 76-сы Жітіқара қаласында тіркелген. Олардың ішінде "Қара бүркіт" түрмесіндегі қызметкерлер бар.

"Тәжірибеден өтіп жатқан курсанттың әкесінде коронавирус анықталған, ол онымен байланыста болған. Инкубациялық кезеңде осында тәжірибеден өткен. Тергеу жүргізілді. Сосын колонияның барлық қызметкерінен сараптама алынды. Бастапқыда сараптамалар теріс нәтиже көрсетті. Кейін инкубациялық кезең аяқталған соң коронавирус анықталды", - дейді Қостанай облысы Тауарлар қауіпсіздігі мен сапа бақылау комитеті департаментінің басшысы Орал Бекмағамбетов.

Оның айтуынша, барлық науқас сол мекемеде емделеді.

Еске салайық, мұның алдында "Қара бүркіт" түрмесінде 19 қызметкердің коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді. 11 ер адам мен 8 әйел адамнан СOVID-19 анықталған болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети