Қарабатанда болған өрт салдарынан қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі

03 Наурыз 2018, 09:55
0
Қарабатанда болған өрт салдарынан қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі -

Қарабатанда болған өрт салдарынан қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "PSI Story industriya" АФ ЖШС мердігерлік ұйымының жобалық менеджері Ержан Садирбалин хабарлады. Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сағындық Лұқпановтың басшылығымен жергілікті атқарушы органдар тарапынан жедел штаб құрылды.

Айтуларынша, қазіргі уақытта жұмысшылардың бірінің денесінің 65 пайызын күйік шалып жансақтау бөлімінде жатыр,оның денесінің жоғарғы бөлігін және жоғарғы тыныс алу жолдарын күйік шалған, екінші зардап шегушінің денесінің 10-15 пайызын күйік шалған, ол жарақат бөліміне орналастырылған. Олардан бөлек төрт жұмысшының екеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетілген, оларға амбулаториялық емдеу тағайындалып қайтарылған.

"Өрт таңертең 8.10 да шыққан, 8.19 да өрт туралы ақпарат "Батыс сервис плюс" Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметіне келіп түсті. Біз 42 шақырым қашықтықта болдық. Біздің бөлімшелер өрт орнына келді. Сондай ақ 10 шақырым қашықтықта НСОС компаниясының Қарабатандағы апаттық қызметі орналасқан, оларда өрт сөндіру жұмысына қатысты", - деп мәлімет берді Замир Бердашев.

"PSI Story industriya" АФ ЖШС мердігерлік ұйымының жобалық менеджері Ержан Садирбалиннің айтуынша, контейнерлік жатақханада болған өрт салдарынан қаза болған барлық адам ОҚО-ның азаматтары, олар жөндеуші-монтаждаушы болып жұмыс істеген. Компания өкілінің айтуы бойынша қазіргі уақытта аталған нысанның жұмысы тоқтатылған. Компания басшылығы қаза болғандардың отбасына материалдық өтемақы төлеп, сондай ақ зардап шеккендердің еміне қажет қаражатты төлейді.

Қазіргі уақытта өрт болған жерде шұғыл тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Тексеру нәтижелері кейінірек хабарланатын болады. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Өрттің аумағы 480 шаршы метрді құрады, өрт сөндіруге жеке құрамның 36 адамы және 11 бірлік техника қатысқан.

Еске салайық, жатақханада 2 наурызда сағат 08:41-де өрт шыққан. Салдарынан 6 адам қаза тапқан. Жатақхана Атыраудан 40 шақырым жерде, Қызылкөге ауданындағы "Газ-турбина электр станциясы" құрылыс аумағында болған. Өрт вахталық қалашықтағы контейнерлерден жасалған жатақханадан шыққан. Өрт кезінде жатақханада түнгі ауысым жұмысшылары болған - шамамен 20 адам. Олардың зардап шеккен төртеуі Атыраудың облыстық ауруханасына жеткізілді. Өрт шарпыған аумақ - 500 шаршы метр. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай