13 сәуір 2021 13:25

Қарағанды маңындағы су қоймасында балық қырылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Қарағанды маңындағы Узенка ауылында балық қырылып жатыр. Тұрғындар әлеуметтік желіде видео жариялап, жағдайға экологтардың назарын аудартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды маңындағы Узенка ауылында балық қырылып жатыр. Тұрғындар әлеуметтік желіде видео жариялап, жағдайға экологтардың назарын аудартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео авторларының айтуынша, оқиға "Ясная сказка" демалыс үйінің жанындағы су қоймасында болған. Жергілікті балықшылар судағы балық оттегі жетіспеушілігінен қырылуы мүмкін дейді. Олардың айтуынша, қыста демалыс аймағының иесі су бетіндегі мұзды оюға рұқсат бермеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от LIFE 09 (@life09kz)

Алайда балық инспекциясы балықшылар тұжырымымен келіспейді. Нұра-Сарысу облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Абай Әлжановтың айтуынша, су айдынында жалға алушы қысқы кезеңде тұманға қарсы шаралар жүргізген. Қазір балықтың қырылу дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

"Тексеру нәтижелері бойынша балықтың не себепті өлгені анықталады. Зиян заттар табылуы мүмкін. Мүмкін басқа нәрсе. Қажетті сараптамалар жүргізілгеннен кейін қорытынды жасауға болады", - деді Абай Әлжанов.

Қарағанды облысы Экология департаментінің қызметкерлері де оқиға болған жерге барды. Олар зертханалық зерттеу үшін су сынамаларын алды. Нәтиже 20 күнде дайын болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети