10 наурыз 2015 11:29

Қарағанды мен Балқаш арасындағы жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағандыдан Балқашқа дейінгі көлік жолына бүгін де шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағандыдан Балқашқа дейінгі көлік жолына бүгін де шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қарағанды облысында ауа райы жағдайларының нашарлауына (боран, көріну мүмкіндігінің нашарлауы, кей жерлерде көктайғақ) байланысты Екатеринбург - Алматы автожолының 1492-1858-шақырымдардағы Қарағанды қаласынан Балқаш қаласына дейінгі учаскесінде 9 наурыз күні сағат 20.15-те жүк және қоғамдық көліктер үшін енгізілген шектеу сақталады", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін 10 наурыз күні Қазақстанның көп өңірінде жел күшейіп, жауын-шашын болатыны хабарланған еді. Синоптиктердің мәліметінше, республиканың біраз облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында түнде және күндіз секундына 15-20 метрге дейін, кей жерлерде 25 метрге дейін жететін жел соғады, жекелеген аудандарда боран болады, Ақмола облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Алматы облыстарының кей жерлерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Маңғыстау, Атырау облыстарында тұман түседі. Қарағанды, Ақтөбе облыстарында секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Қарағанды облысының кей аудандарында көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Қостанай, облыстарында да тұман түсіп, күшті жел соғады. Павлодар облысында күндіз боран соғып, көктайғақ болады, желдің екпіні секундына 17-22 метрге дейін күшейеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети