"Қарағанды миллион халқы бар келесі қала болуы керек" - Назарбаев

07 Қыркүйек, 09:06
3
©Akorda.kz
©Akorda.kz

Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды миллион халқы бар қалалардың қатарына қосылсын деген тілек білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішсі ekaraganda.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

"Маған бүгін Қарағандының оратылығы болатын оңтүстік-шығыста орналасқан ашық алаңды көрсетті. Бұл жағдай дәл менің Астананы ашық далада салғаныма ұқсайды. Өзіңнің ойлағаның мен әр түрлі сәулет құрылыс идеясын дамытуға болады, барлық мүмкіндік бар. Қаланың орталығы сол жерге көшірілетін болады. Мен осы жерде жұмыс істеген кезімде Қарағандының астында яғни, қазір әкімдік орналасқан жерде миллиард тонна сапасы жоғары көмір бар екенін білетінмін. 

Сонау, 1970 жылдары КСРО көмір өнеркәсібі министрлігі осы көмірді шығару үшін қаланы оңтүстік-шығысқа көшіру туралы идеясын ұсынған. Бәрі бірден бола кетпейді, әрине, алайда әдемі жаңа орталық керек", - дейді Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңес барысында.

Нұрсұлтан Назарбаевтың ойынша, Қарағанды мемлекет бойынша миллион тұрғыны бар қала болып төртінші орынға жайғасуға барлық мүмкіндігі бар. 

"Бүгінде бұл жерде 500 мың адам тұрады. Қарағанды да миллион халқы бар қала болса екен деп армандаймын. Бізде Алматыда екі миллионнан астам тұрғын, Астана миллион, 30-шы жылдарға таман екі миллион болса, Шымкен те, миллиондар қатарына кірді, енді келесі болып Қарағанды тіркелуі керек. Ең алдымен адамдар жұмыс істейтін орын болуы үшін кәсіпорындарды дамыту қажет", - дейді Мемлекет басшысы. 

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Ақорданың хабарлауынша, сапар барысында Қазақстан Президенті бірқатар өнеркәсіп кәсіпорнын аралап, өңірдің инфрақұрылым даму жоспарымен танысады.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік және мәдени нысандарда болып, Қарағанды облысын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізеді.

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай