22 қараша 2022 12:34

Қарағанды ​​облысында ер адам полицейлерге пышақпен шабуыл жасаған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Қарағанды облысының полицейлері пышақпен қаруланған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Қарағанды облысының полицейлері пышақпен қаруланған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қарашада кешкі сағат 20.50 шамасында Қарағанды облысы Абай аудандық Полиция басқармасына қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде белгісіз біреу жанжал шығарып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына құрамында взвод командирінің орынбасары Алмаз Жолдасбеков және қызмет инспекторлары Мейіржан Дүйсекенов пен Азамат Тастенұлы бар патрульдік полиция наряды жіберілген.

"Дәлізге кіріп, жоғары көтеріліп келе жатқанымызда үш пен төртінші қабаттың ортасындағы баспалдақта белгісіз ер адамды көрдік. Оның қолында пышаққа ұқсас зат болды. Өзін өте дөрекі ұстап, "пышақтаймын, өлтіремін" деп айқайлады. Дәлізге біреу шығып қалса, ер адамның қолындағы пышақ тиіп кетер деген оймен оны дереу далаға шығару керек болды. Сыртқа шығаруға тырысқанымызда ол бізге қарай ұмтылды", – дейді Алмаз Жолдасбеков.

Бұзақы далаға шығып, бізге пышақ сілтеді. Бір сәтте артында тұрған инспектор Азамат Тастенұлы бұзақыға жауынгерлік самбо әдісін қолданып, жерге құлатып, қолындағы пышақты жұлып алды. Ұсталған азамат Абай аудандық Полиция басқармасына жеткізіліп, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети