31 қаңтар 2017 13:32

Қарағанды облысында ХҚКО басшылығы фейк видео таратушыларды іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысында ХҚКО басшылығы жалған видео таратушыларды іздестіріп жатыр. Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеода премьер-министр Бақытжан Сағынтаев, Қарағанды облысындағы ХҚКО департаментінің басшысы Тілеубай Құсайынов пен департаменттің қызметкерлері түсірілген. Департаменттегілердің айтуынша, біреулер видеороликті монтаждаған. Осыған байланысты қазір монтаж авторы іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоролик Сағынтаевтың азаматтарға арналған корпорация құру туралы сөзінен басталады. Содан оның бұл сөзіне департамент басшысы Құсайынов 1 қаңтардан бастап ХҚКО-ның "Тамаша ғылымдар орталығы" деп өзгертілетінін айтып, "жауап береді". Сондай-ақ, роликте Mannequin Challenge флешмобы түсірілген.

Айта кетейік, департамент өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне бұл видеоның қалай түсірілгенін айтып берді. Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерде тарап жатқан видео  монтаждалған. Олардың айтуынша, ведомствоның 10 жылдығына арнайы Mannequin Challenge флешмобы түсірілген видео қатты өзгертілген.

"Mannequin Challenge 2016 жылы түсірілген болатын. Бұл фильм көлемі жағынан өте үлкен, кәсіби түсірілген. Фильмнің ұзақтығы 17 минуттан аспайды. Біз онда қызметкерлеріміздің жұмыс уақытында өздерін қалай ұстамауы қажет екендігін көрсеткіміз келді. Барлығы да біздің алты күн таңғы сағат 8.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейтінімізді біледі. Ол оңай емес! Бұл кадрлардың біреулердің қолына қалай ғана түскенін білмеймін. Олар видеоны монтаждап, барлығын өзгертіп тастаған. Қазір біз осы мәселемен айналысып жатырмыз. Кейінірек құқық қорғау органдары мен заң аясында сол адамға қатысты жаза тағайындалады", - деді Қарағанды облысындағы ХҚКО департаментіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети