Қарағанды облысында жоғалған жұп үйінен 90 шақырым жерден табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облысында жоғалған жұп үйінен 90 шақырым жерден табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оларды полиция мен еріктілер Шет ауданындағы Красная Поляна ауылынан тапқан. Ол жаққа екеуі автобуспен кетіп қалған екен.
"Оларды бізге телефон соғып, хабарлаған адамдардың арқасында таптық. Бірде анда, бірде мында деп хабарлар түсе бастады. Сөйте келе, оларды Красная Поляна ауылынан бірақ тауып алдық. Кеше кешке барып, территорияны қоршауға алдық. Балалар жолға шыққанда кезде ұстадық", - деді табылған қыздың әкесі Андрей Курчатов.
Сөйтсек, ғашық жұп осы уақыт бойы қайда болса сонда түнеп жүріпті. Соңғы түнін далада өткізіпті. Қазіргі уақытта олармен ата-аналары, полицейлер және психологтар жұмыс істеп жатыр. Жасөспірімдердің не үшін мұндай қадамға барғаны анықталады.
Еске салайық, 13 жастағы Анастасия Курчатова мен 17 жастағы бойфренді Александр Гольцов үйінен 29 тамызда қашып кеткен. Олардың танысқанына үш апта ғана болған екен.
"Олардың кездесіп жүргеніне үш-ақ апта болды. Ол қызымыздан бірнеше жас үлкен. Осы жағдай туралы қызымызбен ұрыспай жай ғана сөйлесіп көрдік, асықпауды сұрадық. Алайда Настя ештеңе естігісі келмеді. Ол бала кезден жауапкершілігі мол әрі мақсатына жетуге талпынып өсті, алайда осы 20 күннің ішінде оны ауыстырып қойғандай. Үйден ол тығылып шыққан", - деген еді жоғалған қыздың анасы Татьяна Курчатова.