11 маусым 2020 19:30

Қарағанды облысында карантин күшейтіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысында 13 маусымнан бастап кейбір карантиндік шаралар жаңартылады, оның ішінде қоғамдық және сауда объектілерінің жұмыс уақыты шектелмек. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысында 13 маусымнан бастап кейбір карантиндік шаралар жаңартылады, оның ішінде қоғамдық және сауда объектілерінің жұмыс уақыты шектелмек. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысы әкімдігі ресми сайтының хабарлауынша, аймақта коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары көбейіп келеді. Тек соңғы аптада ғана 303 симптомсыз вирус тасымалдаушы анықталған, ал өткен тәулікте 52 ауру тіркелді. Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Саран, Қарқаралы, Шет, Бұқар Жырау және Абай аудандарында жұқтырғандар саны көп.

Сырқаттанғандардың басым бөлігі жаппай отбасылық іс-шаралардан кейін анықталған екен.

"Адамдар өзін-өзі оқшаулау, әлеуметтік қашықтық және басқа да санитарлық ұсыныстарды бұзуды жалғастыруда. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің талаптарына сәйкес, егер өңірде аурушаңдықтың өсімі 7 пайыздан асса, карантиндік шаралар қайта жандандырылады. Біздің облыста бұл көрсеткіш - 7,3 пайыз. Сондықтан 13 маусымнан бастап белгілі бір шектеулер қабылданады", - деді Қарағанды облысының әкімі.

13 маусымнан бастап карантин аймағының периметрлері - Жезқазған, Қарқаралы ауданы, Шет ауданының Жарық кенті қоршалады және блокбекеттер орнатылады.

Мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс режиміне көшіріледі.

Қоғамдық және сауда объектілерінің жұмысы уақыты шектеледі.

"Құрметті қарағандылықтар! Мен осы күрделі кезеңде өз-өзімізді және жақындарымызды барынша қауіпсіздендіру үшін саналық танытатын және шаралар қолданатын барлық адамдарға алғысымды білдіремін. Барлықтарыңызды сабырлық танытуға шақырамын. Жақын арада үйреншікті өмір салтымызға оралу тек сіз бен біздің әрекеттерімізге байланысты", - деді Жеңіс Қасымбек аймақ тұрғындарына.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети