01 желтоқсан 2022 09:18

Қарағанды облысында көлік суға батып кетті: оқиғаға қатысты тың мәлімет шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысындағы Нұра өзеніндегі жағдайға байланысты тың мәлімет шықты. Айта кетейік, бұған дейін қақаған аязда Нұра өзенінің үстімен өтпек болғанда мұз шытынап, көлік суға кеткен болатын. Сол кезде көлікте отырған Оразалы Асылханов есімді адам бірнеше адамды судан шығарып, аман алып қалған еді. Алайда адамдарды құтқарған жалғыз Оразалы емес болып шықты. Жолаушыларды аман алып қалған екінші адам - 40 жастағы Думан Кәкенов екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Думан Кәкенов сол күні өзенге жақын көпірде болған және қызық Mercedes-тің суға батып бара жатқанын өз көзімен көрген. Думан ойланбастан зардап шеккен жолаушыларға көмектескен. Ол Оразалы Асылхановқа көмектесіп, артынша суға батып бара жатқан әйел мен балаларды алып шығуға көмектескен.

"Өзім суға түспедім. Мұзға жата түсіп адамдарды өзеннен алып шығуға көмектестім. Бәрі тез болып кетті, не болып жатқанын түсінбей де қалдым. Оразалы қолыма бір жасар баланы бергенде бала ессіз жатыр еді. Бірден жасанды тыныс алдыру жасай бастадым", - дейді Думан.

Ол Ғабиден Мұстафин атындағы ауылда тұрады екен және сотта күзетші болып жұмыс істейді.

Бұл жайт елеусіз қалмады. Кеше 30 қарашада Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мұндай ерлік елеусіз қалмауы керегін айтып, сыйақы тағайындайтынын және Оразалы Асылхановты жұмысқа орналастырып беруге уәде етті.

Еске салайық, кеше 30 қарашада Нұра өзенінде суға батып кеткен көліктен бірнеше адамды ажалдан арашалап қалған Оразалы Асылханов туралы жазған болатынбыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети