Қарағанды облысында отбасылық іс-шарадан кейін 8 адамнан COVID-19 анықталған

© Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек облыста жаппай коронавирус жұқтырғандарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек облыста жаппай коронавирус жұқтырғандарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн брифинг барысында әкім соңғы екі күнде өңірде коронавирус жұқтырғандардың саны көбейіп жатқанын айтты.

"Мысалы, Бұхар Жырау ауданындағы тұрғындардың бірі отбасылық іс-шара ұйымдастырған, үйге 20-дан аса адам шақырған. Өзінде коронавирустың белгілері болғанын білген де. Салдарынан келген қонақтардың жетеуінен және өзінен коронавирус анықталған", - дейді әкім.

Реклама
Реклама

Осыған байланысты Жеңіс Қасымбек вирустың қауіпті екенін және бастапқыда оның белгілері аса байқала бермейтінін ескертті.

Айта кетейік, бүгінде Қарағандыда коронавирус жұқтырғандардың саны 662-ге жетті.

Жеңіс Қасымбек COVID-19 жаппай тарауына байланысты екі әкімге сөгіс жариялады

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама