25 мамыр 2020 16:29

Жеңіс Қасымбек COVID-19 жаппай тарауына байланысты екі әкімге сөгіс жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек коронавирус жаппай тарауына байланысты Теміртау мен Бұхар Жырау аудандарының әкімдеріне сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек коронавирус жаппай тарауына байланысты Теміртау мен Бұхар Жырау аудандарының әкімдеріне сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің айтуынша, Ғалым Әшімов пен Шагурашид Мамалинов қызмет барысында олқылықтар жіберді. Жеңіс Қасымбек "Нұрқазғанда" вирустың таралуын алдын алу мүмкін болғанын айтады.

"Өңірлердегі әкімдер коронавирустың таралу қаупін түсінбейді. Жедел әрекет етіп, басқа мемлекеттік органдармен бірге әрекет ету деген жоқ. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар күшейтілмеген. Теміртау мен Ботақарада вирус жаппай тарады. Осыған байланысты Теміртау мен Бұхар Жырау аудандарының әкімдеріне тәртіптік жаза ретінде сөгіс жариялаймын", - деді Жеңіс Қасымбек аппарат кеңесінің отырысында.

Айта кетейік, бүгінде Қарағандыда коронавирус жұқтырғандардың саны 595-ке жетті, 3 адам қайтыс болды. 190 адам айығып шықты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети