01 желтоқсан 2022 08:49

Қарағанды ​​облысында такси жүргізушісін бір топ ер адам ұрып кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысында бір топ ер адам баласы бар екі әйелді белгіленген жерге жеткізбеген такси жүргізушісін соққыға жыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды ​​облысында бір топ ер адам баласы бар екі әйелді белгіленген жерге жеткізбеген такси жүргізушісін соққыға жыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде қолында сәбиі бар жолаушы әйелдер мен такси жүргізушісі арасындағы жанжалдың видеосы тарады. Видеода әйелдер көліктен түсуден бас тартып, есікті жауып, жүргізуші белгіленген жерге жеткізбей жарты жолда қалдырғанын, ал жүргізуші оларға ақшаны қайтарғанын, басқа көлік алып кететінін айтады.

Артынша такси жүргізушісін бір топ ер адамның соққыға жыққаны туралы ақпарат, жүргізушінің өз әрекеті үшін кешірім сұраған видеосы тарады.

"Бұл оқиға Қарағанды ​​облысы, Теміртау қаласында болған. Такси жүргізушісі жас баласы бар әйелдерді белгіленген жерге апармағаны үшін жауап берді", - делінген видеоның астындағы жазбада.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Кейбіреулер әйелдерді қолдаса, екінші топ таксистті ұрып-соққан ерлердің әрекетін айыптады.

Видео полицейлердің де назарынан тыс қалған жоқ. Қарағанды ​​облысы ДП баспасөз қызметі бұл факт полицияда тіркелгенін хабарлады.

"Полицейлер оқиғаға қатысушыларды анықтады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады департаменттегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети