11 қазан 2023 11:37

Қарағанды ​​облысындағы ауылда Ньюкасл ауруына байланысты карантин жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pexels.com Фото: pexels.com

Қарағанды ​​облысындағы ауылдардың бірінде Ньюкасл ауруына байланысты карантин жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды ​​облысындағы ауылдардың бірінде Ньюкасл ауруына байланысты карантин жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұра ауданы, Ахмет ауылында құстар арасында тараған Ньюкасл ауруына байланысты карантин жарияланды. Ауылдың жеке қожалықтарына карантин енгізу туралы шешімді елді мекеннің әкімі қабылдаған.

Ресми мәліметке сәйкес, тауық өнімдерін экспорттауға және ауру құстардың еті мен жұмыртқасын пайдалануға шектеу шаралары енгізілген.

"Құстар арасында Ньюкасл ауруының анықталуына байланысты Ахмет ауылының аумағына карантин белгіленсін. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген әкімдіктің 6 қазандағы қаулысында.

Айта кетейік, Ньюкасл ауруы – құстардың жіті және тез таралатын вирустық ауруы. Ол тыныс алу жүйесіне, асқазан-ішек жолдары мен жүйке жүйесіне әсер етіп, құстардың жаппай қырылуына себепші болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети