30 маусым 2022 12:38

Қарағанды облысындағы өрттерді сөндіруге әскери қызметкерлер тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/qaragandy_tjd Фото: instagram.com/qaragandy_tjd

Табиғи өрттерді жою үшін Қарқаралы ауданына ТЖМ №52859 әскери бөлімінің 100 әскери қызметкері жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Табиғи өрттерді жою үшін Қарқаралы ауданына ТЖМ №52859 әскери бөлімінің 100 әскери қызметкері жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Күшті желге байланысты 29 маусымда Егіндібұлақ ауылы маңындағы Курского орман шаруашылығы аумағында және мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ошақтар қайта жанып, бықси бастады", - дейді ведомство өкілдері.

ТЖМ мәліметінше, орман шаруашылығы, ұлттық табиғи парк, өртке қарсы ерікті құрамалар, Қарағанды облысының ТЖД, №52859 әскери бөлімі күштерінің жалпы күш-жігерінің арқасында жағдай тұрақталды.

Жану және бықсу ошақтарының орындарында өшіру, қарауылдау және патрульдеу жұмыстары жалғасып жатыр. Барлығы 220 адам мен 25 техника жұмылды.

Айта кетейік, Қарағанды облысында табиғи өрт туралы алғашқы хабарлама 21 маусымда пайда болды.

Екі күннен кейін өртті жоюға екі тікұшақ, 280 адам және 44 техника тартылды. Сөйтіп, өрт 250 гектар алаңда ауыздықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети